Алматыдағы Вознесенск шіркеуіндегі діни рәсім тікелей эфирде де көрсетілді

Алматыдағы Вознесенск шіркеуіндегі діни рәсім тікелей эфирде де көрсетілді

Бүгін Православ христиандарының Рождество мерекесі.

Иса пайғамбардың дүниеге келуіне орай барлық Православ шіркеуінде діни рәсім өткізіледі. Алматыдағы Вознесенск кафедралды шіркеуінде арнайы литургия жасалды. Оны митрополит Александр өткізді. Бірақ адамдардың барлығы бірдей мерекелік іс-шараға қатыса алған жоқ. Сондықтан тікелей эфирде де көрсетілді. Рождество Православ христиандары үшін басты діни мереке саналады.

Александр, Астана және Қазақстан митрополиті:

- Барша жұртқа амандық-саулық тілеймін. Елімізде тыныштық болып, берекелі ғұмыр кешейік.Қазақстан барлық сынақтардан өтеді деп сенемін. Рождество мерекесі құтты болсын.