Алматыда жеті күнде 700 адам коронавирус жұқтырған – Бекшин

Алматыда жеті күнде 700 адам коронавирус жұқтырған – Бекшин

Алматыда жеті күнде коронавируспен 700 адам ауырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің болжауынша, қаңтар айының соңына дейін қалада қауіпті вирус жұқтырғандар саны төрт жарым мыңнан асуы мүмкін. Індетке шалдыққандар арасында егде жастағы адамдар саны басым. Дегенмен, ауру жұқтырғандардың 35%-і 20-39 жас аралығындағы тұрғындар. Эпидахуалдың ушығуына мерекелік шаралар өткізу, сауда-саттық орындарына жиі бару себеп болған. Жандарбек Бекшин сайлауды өткізуге байланысты қолға алынған санитарлық сақтық шараларын да атап өтті. Осы уақытқа дейін барлық сайлау учаскілерінде жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің 50%-ке жуығы ПТР тестіден өткен. 8 адамнан коронавирус анықталған. Байқаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерін тестілеу ертең де жалғасады.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Жұқтыруды төмендету үшін вирустың таралуын тоқтату үшін бұрынғысынша үй-жайларында, ашық ауада да, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, маска режимін, әлеуметтік қащықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.