Көшелерге есірткі жасырған ер адам 8 жылға сотталды

Көшелерге есірткі жасырған ер адам 8 жылға сотталды

СҚО-да түрлі орындарда синтетикалық есірткі жасырған ер адам сегіз жылға сотталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша Мамандандырылған ауданаралық соты Петропавл қаласының көшелерінде есірткі жасырумен айналысқаны үшін Көкшетау қаласының 28 жастағы тұрғынын сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Көкшетау қаласының тұрғыны Петропавлға елордадан келгені анықталды.

Мессенджердегі жетекшісінің тапсырмаларын орындау үшін Парковая, Жамбыл, Чайковский және тағы да басқа көшелерде 20-дан астам орында синтетикалық есірткі жасырған. Алайда кешкі сағат 17:00 шамасында жедел уәкілдердің қолына түсті. Белігі болғандай, 22 нүктеде химиялық есірткі жасырып үлгеріпті. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде буып-түю материалдары, қасық, таразы, сондай-ақ қызыл түсті кристал тәрізді зат тәркіленді. Алынған есірткінің жалпы салмағы 100 грамды құрады.

СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша, 2020 жылдың 12 айы ішінде есірткіге қарсы күрес желісі бойынша 195 құқықбұзушылық, оның ішінде 81 қылмыс анықталды. Оның 17 фактісі есірткі заттарын сақтау, 49 фактісі есірткі заттарын өткізу. Солтүстік Қазақстан облысы аумағында Telegram мессенджері арқылы синтетикалық психоактивті есірткі таратқан 6 интернет-дүкеннің жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 462 килограмнен астам түрлі есірткі заттары алынды, оның ішінде 1 кг 591 грамнан астамы синтетикалық есірткі заттар. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы айтып өткендей, синтетикалық есірткілердің әсері ағзаны бүлдіріп қана қоймай, өте күшті тәуелділікке алып келеді екен.

«Тұрғындардан интернет кеңістігінде тұздарды, спайстарды және шегуге арналған қоспаларды тарату-жеткізу туралы хабарландыруларды көргенде бейжайлық танытпауды сұраймыз. Танымал әлеуметтік желілерде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми парақшалары жұмыс істейді. Сондай-ақ есірткімен байланысты қылмыстар мен құқықбұзушылықтарға қатысты ақпаратты хабарлауға арналған 39-41-93 сенім телефоны да бар», – дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.