Петропавлдық полицейлер тұрақты мекенжайы жоқ жандарға пана болды

Тәртіп сақшылары күннің суығында көше кезіп жүргендерді қала бойынша іздеп, қабылдау орнына жеткізді.

Бәрін тіркеп, із-түзсіз жоғалғандар мен қылмыстық базалардан тексерді. Ал қоғам белсенділері оларға ыстық ас беріп, киім-кешек таратты. Қазір өңірде сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеп кетті. Синоптиктердің болжамынша, сары аяздың беті тек демалыс күндері қайтады.

Адай Смайыл, қалалық ПБ қабылдау-тарату орнының басшысы:

– Аязды күндері күніне 15--20 адам әкеліп отырамыз. Сосын түнеу орнына апарып тастаймыз. Қала тұрғындарынан осындай азаматтар болса, бізге хабарлауды сұраймыз.