Әзербайжаннан қызанақтар алып келуге уақытша тыйым салынды

2021 жылғы 16 қаңтардан бастап ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзербайжан Республикасының аумағынан қызанақ алып келуге уақытша шектеу енгізді.

Әзербайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.