Таразда қылмыстық топ мемлекетке 10 млрд теңге залал келтірген

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2009-2020 жылдар аралығында Тараз қ. аумағында нақты жұмыс істемей және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру заңсыз қызметімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі.

ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында 10 адамнан, сондай-ақ бақылаудағы заңды тұлғалардың басшысы ретінде тікелей тіркелген қатысушылардан құралған қылмыстық топ контрагенттер-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыруды және т.б. жүзеге асырған.

Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 млрд теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңге қаражаттарына тыйым салынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді.