Ақтаудағы қоғамдық көліктер паркі 30 автобуспен толықты

Қолданыстағы техниканың 80%-інің тозығы жетіп тұрғанын бұған дейін де айтқан едік.

Былтыр салалық жоба әзірленіп, отандық зауытта құрастырылған 18 автобус сатып алынды. Қазір олардың №3, №7 және №8 бағыттар бойынша сынақ мерзімі жалғасып жатыр. Алдағы уақытта шаһар билігі конкурс жариялап, тендерден ұтып алған компанияларға береді. Ал лизингтік бағдарлама негізінде сатып алынған 30 автобус жақын күндері іске қосылады.

Асхат Құлтанов, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

- Заманауи, барлық талаптарға сай келетін автобустардың сыйымдылығы жоғары. Қазіргі уақытта біз облыстық басқарма, қалалық әкімдікпен бірлесіп бұл автобустардың қалалық маршруттардың қажеттілігіне байланысты жүргізілуіне жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.