Ветдәрігерлер: Коронавирус үй жануарларынан адамға жұқпайды

Ветдәрігерлер: Коронавирус үй жануарларынан адамға жұқпайды

Соңғы күндері кейбір интернет-ресурстар ит пен мысық коронавируспен ауырады деген мәлімет таратып жүр.

Қазір осы мәселеге байланысты Алматыдағы ветеринарлық клиникаларға қоңырау шалушылар күрт көбейген. Ветдәрігерлер «қауесетке сенген алматылықтар үй жануарларынан бас тарта ма» деп алаңдайды. Сала мамандары бүгін арнайы баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясы ит пен мысықтан адамға жұқпайтынын мәлімдеді. Тіпті адамнан үй жануарына жұғу дерегі де тіркелмеген. Себебі жануар мен адам жасушасы әртүрлі болады. «Сондықтан үй жануарларынан сескенудің қажеті жоқ», - дейді ветеринарлар.

Анна Аметова, ветеринарлық медицина орталығының бас дәрігері:

- Мысық пен иттің ағзасындағы коронавирус инфекциясы бізге бұрыннан таныс. 2007 жылдан бері үй жануарларының ағзасынан коронавирус анықталып тұрады. Адамға тән коронавирус бета вирусқа жатады. Ал, мысықтарға тән коронавирус альфа вирусқа жатады. Ал, альфа мен бета арасында ешқашан мутация болмайды.