Елімізде жаңадан 1132 мүлік иелері бірлестігі құрылды

2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иелері кооперативтері жаңадан құрылған мүлік иелері бірлестігіне барлық техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарын актіге сәйкес тапсыруы тиіс.

Қазіргі уақытта елімізде 1 132 жаңа мүлік иелері бірлестігі құрылды. Оның ішінде 539 мүлік иелерінің бірлестігі, 593 жай серіктестік бар. Басым бөлігі елорда мен Алматы қалаларында орналасқан.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР ИИДМ комитеті төрағасының орынбасары:

– Көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары ортақ мүлікке назар аударып, ұқыпты қараулары тиіс. Ал бұл өз кезегінде тұрғын үй қорын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Сондықтан пәтерлердің тұрғын үй емес жайлардың иелерінің қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйінде мүлік иелерінің бірлестігін немесе серіктестік құру қажет екенін түсіну маңызды.

Сондай-ақ...