Бекшин «Спутник V» ресейлік вакцинасын салдырды

фото: tengrinews.kz

Алматыда короновирусқа қарсы вакцина салу қаладағы 40 емханада жүргізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

145 медицина маманы арнайы даярлықтан өткен. Емдік шара ерікті түрде жасалады. Вакцинаны алғашқылардың бірі болып қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев пен қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин салдырды. Екпені ең алдымен жедел жәрдем қызметкерлері, инфекциялық стационарлар мен көпсалалы аурухананың қабылдау бөлімдерінде жұмыс істейтін мамандар алады. Бірақ кәмелет жасына толмаған балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салынбайды. Алдағы уақытта Алматыда 2 мыңнан астам медицина саласының қызметкеріне екпе егіледі деп жоспарланып отыр.

Жандарбек Бекшин, қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер:

- Бұл екпе маған оңай өтті. Одан еш қиыншылық күткен жоқпын. Неге десеңіз, Ресей Федерациясында 2 млн-нан астам халық егілген. Сондықтан біз де бүгін бастадық. Бүгін біздің ойымызша, 200-дей адам вакцинациядан өтеді.