Талдықорғандағы оқу орындары қалыпты жағдайда білім бере бастады

Талдықорғандағы оқу орындары қалыпты жағдайда білім бере бастады

Талдықорғандағы орта және жоғарғы оқу орындары студенттерді қалыпты жағдайда оқыта бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге білім ордасына тек бірінші курста оқитындар барады. Олар практикалық пәндерге ғана қатысады. Ғимаратқа кірерде әр адамның дене қызуы өлшеніп, тексеріледі. Офлайн форматында жұмыс істеу үшін мекемелерде арнайы сабақ кестесі жасалған. Соған сәйкес бір топтың тәлімгерлері бірнеше аудиторияға бөлініп отырады. Студент саны 40%-тен аспауы тиіс. Бір жарым метрлік арақашықтық сақталып, ғимарат іші жиі тазартылуы қажет.

Нұрша Ашкеева, ЖОО оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі:

- Бүгіннен бастап 1197 студент оқиды. Бірінші курс бакалавриат, магистрант және доктарант бойынша үш білім деңгейі бойынша оқиды. Аудиториялардың барлығында екі парадан кейін 25 минуттық үзіліс кезінде сулы ылғалдандырылған тазалау жұмыстары жүргізіледі. Одан кейін төрт пара біткеннен кейін бір сағаттық тазалау уақыты өтеді. Ол кезде лампалар қойылып, жақсылап жуылып, тазаландырылады. Коридорлардың барлығында санитарлық эпидемиологиялық талаптар сақталған.