Семейдің 15 ауданында су тасқыны болуы мүмкін

Семейдің 15 ауданында су тасқыны болуы мүмкін

Ертіс өзеніндегі су деңгейі қазір 218, мұз қалыңдығы 63 сантиметр болып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті межеге жеткен жоқ. Ал жағдай қатаң бақылауда. Бұл туралы жауапты мамандар хабарлап отыр. Қыс бойы қала көшелерінен 137 мың текше метр қар шығарылған. Жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Дегенмен, қалада 15 қауіпті учаске анықталып, құбырлар тазартылуда. Төтенше жағдаймен күреске жеке құрамның 560 адамы мен 40-тан астам техникасы дайын тұр. Егер аяқ астынан үйлерді су алып, тұрғындарды көшіру керек болса, 3 қонақ үймен келісімшарт жасалған.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын наурыздың аяғында Ертіс өзені тасып, 300-ге жуық жер үй мен 500 саяжайды су басқан болатын.

Орынбек Әубәкіров, қалалық ТЖБ Азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері:

- Мұз айдынын жару үшін келісімшарт жасалған осы Ертіс өзенін жару ұйымдарымен және де авиациямен де келісім жасалып, қажет жағдайда олар да тартылуы мүмкін. Және де бұл өзінің кестесіне сәйкес 10-12 наурызға бекітілген. Және ол ауа райына байланысты өзгертілуі де мүмкін.