Елордада жеке сот орындаушылар саябақтарда құс үйшіктерін орнатты

Табиғатты аялау шарасы «Алғыс айту» күніне орайластырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жерұйық» саябағынан бастау алған шара «Жастар» және «Президенттік» бақтарында жалғасты.

Ерлан Онтаев, Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы:

- Бұл жеке сот орындаушылар тарапынан жасалынып жатқан бірінші әрекет емес. Әрқашан жеке сот орындаушылар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер жасап, оны көрсетуге дайын отырады. Сондықтан біз осы әрекетіміз арқылы қаламыздың тұрғындарына, қаламыздың табиғатына көңіл бөлсек, қаламыз таза болса, қаламызда құстар көп болса деген тілекпен жасап жатырмыз.