Б.Сағынтаев: Сәуірде вакциналаудың 250 пункті ашылады

Б.Сағынтаев: Сәуірде вакциналаудың 250 пункті ашылады

Алматыда өткен тәулікте 595 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 500-ге жуығында аурудың белгілері анықталды. Мегаполисте коронавирустың британдық және оңтүстікафрикалық штамдары пайда болғанын айтып кету керек. Қазір қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Енді сәуірде Алматыда 250 вакцина салу пунктін ашу жоспарланып отыр. Екпе егу бөлімдері ірі сауда орындарында да жұмыс істемек. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев хабарлады. Сондай-ақ ол қалаға коронавирусқа қарсы препараттың 21 мыңнан астам дозасы жеткізілгенін мәлімдеді. Сәуір мен маусым аралығында Алматыға вакцинаның тағы 750 мың дозасы әкелінеді. Яғни ай сайын 250 мың доза. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның 900 мың дозасы керек. Қала әкімі жалпы вакциналаудың қалыпты өмір салтына оралуға және карантиндік шектеулерді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік беретінін айтты.