Қазақстан бойынша 276 елді мекенде су тасқыны қаупі бар

Ел бойынша 276 елді мекенді су басу қаупі бар. Қауіпті жерлерде 270 мың адам тұрып жатыр.

Шығыс, Батыс және Солтүстік Қазақстан өңірлері, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай мен Павлодар облыстарының аумағында әлі қалың қар жатыр. Кей жерлерде қар ери бастағандықтан су басу қаупі күшейді. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Сегіз өңірде арнайы штаб құрылып, қосымша күш жұмылдырылуда. Әзірге су тасқыны тіркелген жоқ. Осыдан біраз уақыт бұрын қауіпті аумақ саны 900-ден асатын еді. Төтенше жағдайлар министрлігі жол картасын іске асырып, қауіпті жерлер санын азайтты.

Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі: 

- БҚО 54, Қостанай облысында 37, Ақмолада 31, ШҚО 19, Ақтөбеде 17, СҚО 13 елді мекенде әлі де су басу қаупі бар. Сондай-ақ Қазгидрометтің кешегі бізге берген ақпараты бойынша қазіргі таңда еліміз бойынша 35 процент аумақ әлі де қар астында жатыр.