Сарыағашта 180 адамға арналған той тоқтатылды

Сарыағашта 180 адамға арналған той тоқтатылды
Polisia.kz

Сарыағашта карантин кезінде 180 адамға той жасаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық тәртіп сақшылары карантин талаптарының сақталуын тұрақты түрде қадағалауда. Карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында құрылған мобильді топтың құрамында күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Сарыағаш АПБ полиция қызметкерлері аудандағы тамақтану орындарына, сауда үйлеріне, азық-түлік дүкендерінде, адам көп шоғырланатын орындарда карантин талаптарының сақталуын қадағалап, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Аталған шара барысында Сарыағаш қаласында орналасқан тойханада 180 азаматқа той жасап жатқан тұрғын анықталды.

Той жасаушы мен тойхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау мақсатында аудандық СЭББ-ге жолданды.

Түркістан облысы Полиция департаменті карантин режимі кезінде бекітілген талаптарды орындамай, тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін азаматтар тиісті жазаға тартылатынын ескертеді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын қатаң сақтау, бетперде кию және арақашықтықты сақтауды естен шығармаңыз.