Ақтөбеде бір түн ішінде 185 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұл облыс орталығында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға орай өтіп жатқан кезекті рейд барысында қолданылған шара.

Полиция бөліміне жеткізілгендердің арасында көлікті мас күйінде басқарған 4 жүргізуші мен көшені белгіленбеген жерден кесіп өткен ондаған жаяу да бар. Сондай-ақ темір тұлпарды жүргізіп келе жатып телефон қолданған, қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар да жауапқа тартылды. Сәуірдің онына дейін жалғасатын жедел алдын алу шарасына еріктілер де қатысуда.

Данияр Аймағамбет, патрульдік полиция батальонының взвод командирі:

– Жаяу жүргіншілерге жолдың белгіленбеген жерден қиып өткені үшін үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Масаң күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жүргізушілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.