Петропавлда еріген қар жаңадан салынған шағын аудан тұрғындарын әбігерге салды

Петропавлда еріген қар суы жаңадан бой көтерген «Солнечный-2» шағын ауданы тұрғындарын әбігерге салды. Себебі су аулаларға жайыла бастаған.

Баспаналарына жуырда ғана қол жеткізген тұрғындар «қар суы үйге кіріп кете ме» деп алаңдайды. Қазір коммуналдық қызметкерлер су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жалпы айта кету қажет, аталған ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бірнеше құрылыс компаниясы 200-ден астам үй тұрғызған. 

Олеся Ганакина, қала тұрғыны:

- Мына жақта суағарлар жоқ. Тек көшенің шетінде құбыр орнатылған екен. Ал ол қардың астында қатып жатыр. Сәйкесінше ешқайда кетпеген су аулаларға жиналып жатыр. Әкімдікке хабарласып көмек сұрадық. Енді міне коммуналдық қызметшілер келіп, жұмысты жәймен бастап жатыр.