Павлодар облысында вакциналау науқаны жалғасып жатыр

Павлодар облысында бірінші компонент бойынша 10 мың 600 адам вакцина алды. Ал екінші компонент бес мыңға жуық азаматқа салынды.

Медицина, білім беру қызметкерлерімен қатар вакцинаны құқық қорғау органдарының қызметкерлері де ала бастады. Сала мамандары қолданыстағы алгоритм бойынша тексеруден өтті. Бірнеше күннің ішінде 300-ге жуық тәртіп сақшысы иммундау шараларына өз еркімен қатысты.

Айта кетейік, бүгінде аймақ бойынша жүзден астам екпе салу кабинеті жұмыс істейді.

Даяндах Бердыбек, кавалериялық взвод командирі:

- Біз, полиция қызметкерлері күнде көптеген азаматтармен қарым-қатынасқа түсеміз. Сондықтан бізге азаматтардың денсаулығы өте маңызды. 

Ерлан Шәріпов, облыстық ПД госпиталінің басшысы:

- Мамыр айының соңында вакцинаның екінші компонентін аламыз. Екі ай ішінде полиция қызметкерлерінің барлығына екпе саламыз. Қалада шамамен екі мыңдай қызметкер болса, 70 проценті міндетті түрде екпе алмақ.