СҚО-да құтырма ауруын жұқтырған ірі қараның көзі жойылды

СҚО-да құтырма ауруын жұқтырған ірі қараның көзі жойылды

Бұл жайында облыстық ветеринария басқармасының басшысы мәлімдеді.

Қауіпті індет Тимирязев ауданында орналасқан шаруашылықтардың бірінен анықталды. Малдан патологиялық материал алынып, зертханаға жеткізілді. Сараптама қорытындысы оның ауруға шылдыққанынын растады. Алдын ала болжам бойынша кесел түлкіден жұғуы мүмкін. Себебі биыл өңірде қыс қатты болып, жыртқыш аңдар елді мекендерге кірген. Бүгінгі күні бұл фактіге байланысты аталған фермада шектеу шаралары енгізілді. Енді мұнда 60 күн бойы малды шығарып кіргізуге болмайды.

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Биыл бізде облыс бойынша 53 мың бас малды вакциналау көзделген. Оған вакцина бар. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Зертханалаық тексерістердің нәтижесінде, осы оң нәтиже көрсеткен малдар болса, сол маңайдағы бүкіл малдарға біз вакцина егеміз.