БҚО-дағы өндіріс орындарында жыл басынан бері үш адам қаза болған

БҚО-дағы өндіріс орындарында жыл басынан бері үш адам қаза болған

Батыс Қазақстан облысының өндіріс орындарында жыл басынан бері 3 адам қаза болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

14 жұмысшы ауыр жарақат алған. 23 тергеу материалы құқық қорғау органдарына жолданды. Жазатайым оқиғалардың дені бюджеттік ұйымдарда тіркелген. Ал құрылыс алаңында 17 адам жарақат алды. Көбі – жоғарыдан құлап кеткендер. Арасында қызметтік көлікпен апатқа ұшырағандар да бар. Жалпы, былтыр аймақтағы өндіріс орындарында 68 оқыс жағдай тіркеліп, 74 адам зардап шеккен. Өкінішке қарай, биыл энергетика және мұнай саласындағы жазатайым оқиғалар саны өсіп отыр дейді сала мамандары.

Асылұлан Досжанов, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы:

– Бюджеттік ұйымдарда, яғни білім және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жұмысшылардың биіктен құлауына қауіпсіздік ережелерін сақтамауы басты себеп. Ауа райының қолайсыз жағдайында жұмыс істейтін орындарды тиісті деңгейде дайындау деген атымен жоқ. Мекеме-ұйымдардың иелігіндегі автокөліктер де оқыс жағдайға жиі тап болады. Құрылыс алаңдарында жұмысшылардың биіктен құлауына да еңбек үдерісінің талапқа сай ұйымдастырылмауы себеп болады.