Астанадағы аялдамаларды автономды дезинфекциялау жүйесі іске қосылды

Астанадағы аялдамаларды автономды дезинфекциялау жүйесі іске қосылды

Елордада автономды дезинфекция және аялдама павильондарының қауіпсіздігін бақылау жүйесі іске қосылды.

Пилоттық жоба Қосшығұлұлы көшесіндегі жабық аялдамада орнатылды. Ол ауаны дыбыссыз дезинфекциялап, жабық кеңістікті сағатына 200 текше метрге дейін иондайды. Жүйе ауа айналымы бар бөлмеде 10 минут ішінде вирустың 99%-ін зарарсыздандырады. Сондай-ақ инновациялық жүйедегі бейнебақылау камерасы автобус аялдамаларындағы алаяқтық пен ұрлық қылмыстарын азайтуға мүмкіндік береді. Бір аппарат құны 1 млн теңгеге жуықтайды.