Жүргізушісі адам қағып өлтірген экс-әкім мемлекеттік қызметке тағайындалды

Қуат Тұмабаев сауда және интеграция министрлігі экспортты дамыту департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Мемлекеттік қызметкер 2018 жылға дейін Өскемен қаласының әкімі болған.

Алайда сол жылдың 15 сәуірінде Риддер қаласында 18 жасар жаяу жүргіншінің өліміне алып келген жол-көлік оқиғасына қатысты болып шығады. Яғни ол бозбаланы қаққан жүргізушінің жанында отырып, кейін басқа көлікпен кетіп қалғаны белгілі болады. Кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов оның мұндай жоғары лауазымға лайық еместігін айтып, қызметінен босатады. Қуат Тұмабаевтың бүгінге дейін немен айналысқаны белгісіз. Бірақ жаңа қызметке мемлекеттік қызмет туралы заңға сай конкурс арқылы келген. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.