Маңғыстау облысында браконьерлердің жасырын қоймасы табылды

Маңғыстау облысында браконьерлердің жасырын қоймасы табылды
ҚР ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, аталған облыстың ҰҚК және полиция департаменттерінің бірлескен іс-шаралары барысында өнеркәсіптік тоңазытқыштарда сақталған 3 тонна бекіре тектес балық жасырылған қойма табылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеуді бастап, биоресурстарды заңсыз жолмен өндіруге және оларды сатуға қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыруда.

ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде браконьерлік әрекеттің жолын кесу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.