Қарағандыда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Қарағандыда тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Теміртаудың ауасындағы улы газдың 80 проценті «Арселормиттал Теміртау зауыттарынан шығады.

Биыл кәсіпорынға алдағы үш жылда бұл көрсеткішті 30 процентке кеміту туралы талап қойылды. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбековтың айтуынша, «Арселормиттал Теміртау» құрал-жабдықтарын жаңарту және өндірістің жартысын газға көшіру арқылы осындай жоспарға қол жеткізбек. Алғашқы нәтиже биыл жыл соңына дейін байқалады. Сондай-ақ Жеңіс Қасымбеков облыс аумағындағы тұрмыстық қалдықтар мәселесін шешуге арналған жоспар бар екенін атап өтті.

Жеңіс Қасымбеков, Қарағанды облысының әкімі:

– Қарағанды қаласының қасында осындай бірнеше полигон бар. Енді сол полигондардың қасында қалдықтарды утилизация жасайтын зауыт саламыз деп жоспарлап отырмыз. Жобалық жұмыстар осы жылы өтіп жатыр. Бәрі дұрыс болса, келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастап кетеміз. Мұндай мәселе тек Қарағанды емес, жалпы моноқалалардың барлығында бар. Сондықтан бұл мәселе ерекше бақылауда.