Каспий маңындағы қонақ үйлер Ashyq жобасына қосылады

Каспий маңындағы қонақ үйлер Ashyq жобасына қосылады

Былтыр Каспий жағалауына 45 мыңға тарта турист барса, биыл 60 мыңнан астам саяхатшы келеді деп күтілуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұған әлемдік пандемия жағдайында отандастарымыздың шетелге шықпауы себеп», – дейді туризмді дамыту басқармасындағылар. Жағажайдағы демалыс орындары санитарлық талаптарды сақтай отыра өз қызметін жасап жатыр. Жуық арада барлығы да Ashyq жобасы аясында QR-кодпен жұмыс істеуге көшуі тиіс. Демалушылар таңдауына қарай тәулігіне 10-15 мың теңге төлеп, хостел немесе жалдамалы пәтерлерге де тоқтайды. Қалтасы көтерсе, теңіз жағасында былтыр ашылған бес жұлдызды қонақүйге түседі.

Гүлсім Жариева, облыстық инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– Теңіздің жағалауында орналасқан үлкен туристік кешенде баға саясаты 31 мың 800-ден басталады. Қазіргі таңда карантиндік шектеулер бәсеңдеді. Қонақ үйлерге келе беруге болады. Ақтау қаласының «жылы жағажай» аумағында көптеген нысандар салынып жатыр. 2021-2024 жылдар аралығында 12 жобаны іске қосу жоспарланған.