Елордада үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жасалды

Елордада үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі жасалды
twitter.com

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жасалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қолданыстағы заңнаманы аттап өтіп жасалған барлық мәмілелер, оның ішінде алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты, төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендеріне жарамсыз болып саналады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардың өз ақшасына сақ болуын және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тарту керектігін ескертеді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілгендей үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Туындаған сұрақтар бойынша «Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға құқығы жоқ құрылыс салушылардың тізімі төменде көрсетілген: