Қазақстанда 23 мың бала ата-ана қамқорлығына зәру 

Қазақстанда 23 мың бала ата-ана қамқорлығына зәру 

Елімізде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 23 мыңға жуық бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың төрт мыңы балалар үйінің тәрбиеленушілері. Бұл туралы балалар құқығын қорғауға арналған брифингте айтылды. Жалпы Қазақстанда балалар үйінің саны біртіндеп қысқарып келеді. Соңғы он жылда осындай 114 мекеме жұмысын тоқтатқан. Бүгінде 96 мекеме жұмысын жалғастырып жатыр. Араларында бағыты өзгеріп, қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығына айналып жатқандары бар.

Юлия Овечкина, ҚР БЖҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

– Мұндай орталықтарда балаларға кешенді көмек көрсетіледі. Ең алдымен балаларды өз үйімен қауыштыру бойынша үлкен істер атқарылады. Ал егер бұндай мүмкіндік болмаса, балалар өзге отбасыларға орналастырылады. Сонымен бірге, 2017  жылы жеткіншектерді отбасыларға орналастырудың жаңа тетіктері енгізілген. Оларды толық асырап алатын немесе үйге үнемі қонақ қылып шақыратын отбасылар бар.