Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

Алматыда карантин талаптары жеңілдетіледі

Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды.

Ол маусымның 8-інен бастап күшіне енеді. Жаңа қаулыда «Ашық» жобасын пайдаланатын мейрамхана, дәмхана және жазғы алаңдарға түнгі сағат 2-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Сондай-ақ кинотеатр, театр мен концерт залдары жалпы сыйымдылықтың 40 проценті көлемінде қызмет көрсете алады.   

Қазір мегаполис сары аймақ санатында.