Алматыда IT саласының өкілдері үшін Бірыңғай коммуникациялық алаң ашылды

Алматы шаһарында айти саласының өкілдеріне арналған Бірыңғай коммуникациялық алаң ашылды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл платформада барлық технопарк, акселераторлар мен инкубаторлар бірлесіп жұмыс істей алады.  Қазір мұнда 15 компания мен 500 айти-маман тіркелген. Бұл саланы дамыту Алматы үшін ерекше маңызға ие. Себебі мұнда 2 миллионнан астам тұрғын бар. Шаһарды цифрландыру азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жеңілдетері сөзсіз.

Алматының әр тұрғыны цифрландыру жобасын әзірлей алады. Қала әкімдігі адамдарға пайдасын тигізетін идеяларды қолдауға әрқашан дайын. Қазірдің өзінде жергілікті әкімдік мемлекеттік қызметтердің 90 процентін электронды форматқа ауыстырды.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Көп салалы үйлерді соққан кезде халыққа қажетті емханасы, участковый отыратын пункт ішінде болу керек. Тұрғындар жүгірмеу керек. Пәтер салуды тоқтату керек. Халыққа қызмет ететін орталықтар болу керек. 

Алматы тұрғындарының ыңғайлы өмір сүруі үшін телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту қолға алынды. Соңғы 1 жыл ішінде бұған дейін байланыссыз қалған 200 орын интернетпен қамтамасыз етілді.

Әсем Нұрғалиева, қала әкімдігінің жанындағы IT-кеңесінің үйлестірушісі:

- Қазір Нұршашқан шағын ауданында жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрине халық тұрғын үй саясатымен байланысты бастамаларға қызығушылық танытып жатыр. Смарт-сити бойынша мақсаттарымыз көп. 

Шаһардағы қызмет көрсету сапасын едәуір арттыру үшін цирфландыру әрі қарай дамыту қажет. Ол үшін барлық айти мамандары бір алаңға біріктірілетін болады.

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

- Алматы Орталық Азиядағы үлкен айти орталық болып табылады. Екі айти маман болатын босла, соның біреуі біздің қаламызда. 122 айти компания бар. Бұл Қазақстандағы компаниялардың 40 процентін құрайды

Осындай бастамалардың арқасында Алматыда мемлекеттік басқару, инфрақұрылым, әлеуметтік орта мен экономиканың даму қарқынын арттыру көзделген.

Автор: Дариға Ташенова