Бадам өзені жағалауын жөндеуге 247 миллион теңге бөлінді

Бадам өзені жағалауын жөндеуге 247 миллион теңге бөлінді

Шымкент қаласында «Бадам» өзенінің бойын абаттандыру үшін 247 миллион теңге бөлінді. Аймақты абаттандыру жыл соңына дейін аяқталмақ. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде 3 шақырым жер жөндеуден өтіп, пайдалануға берілген. Сондай-ақ, Бадамның қос жағалауында қалалықтар серуендеп тынығатын орын болады.

Ербол Ахметов, қалалық Құрылыс басқармасының басшысы:

–Бадам өзенінің жан-жағы түгел абаттандырылмаған, қоршалмаған еді. Бұл өзеннің жан-жағында аз қабатты тұрғын үйлер көп орналасқан. Су көп келген кезде сол үйлерді шайып кетпеу үшін осындай шешім қабылданған болатын. Перепадной мост дейміз ғой, сондайдың 7-еуі соғылған. Бүгінгі таңда тағы екі перепадной мостты созып жатыр және жаяу көпірден өтуге бір көпір салынуда.