Биыл халық санағын жүргізуге 32 мыңнан астам адам атсалысады

Биыл халық санағын жүргізуге 32 мыңнан астам адам атсалысады

Оның көбі интервьюер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, үйлерді аралап, сауалнама жүргізіп, жұртпен тығыз жұмыс жасайды. Қазір олар іске кіріскен. Үй-үйге кіріп, кімнің тұратынын нақтылап жүр. Еліміздің 18-ден асқан кез келген адамы науқанға интервьюер ретінде қатыса алады. Ниетті азаматтардың әрқайсымен жеке келісімшарт жасалып, еңбекақы төленеді. Статистика комитеті ресми өкілінің айтуынша, биылғы халық санағына интервьер ретінде үшінші рет қатысып жатқан егде жастағы азаматтар да бар.

Олжас Сайлаубекұлы, ҚР Ұлттық санақ 2021 ресми өкілі:

- Түркістан облысының Төле би ауданында Оразалы Мүлдеков деген кісі бар. Жасы 70-ке тақап қалған. Біраз қызметтік өмірін статистика саласына арнаған. Осы үшінші халық санағына қатысамын деп отыр. өзінің айтуынша. Биылғы халық санағына жаңа технологиялар енгізіп жатыр. Планшет арқылы онлайн жұмыс істейді. Осның бәріне өзі қызығып, халықпен бірге араласуға ниет білдірген жайы бар.