Қарағандылық депутаттарды қауіпті ойын алаңдары алаңдатты

Қарағандылық депутаттарды қауіпті ойын алаңдары алаңдатты

Қарағандыда ойын алаңдары қауіп болып тұр. Үй аулаларындағы алаңдарды тексеріп шыққан жергілікті депутаттар осылай дейді.

Темір сырғанақтар дұрыс бекітілмеген. Аттракциондардың айналасында құрылыс қалдықтары жатыр. Жақын маңдағы сауда орталықтарының электр тоқтары да балаларға қауіпті.

Жібек Камалиева, қалалық мәслихат депутаты:

– Мынаны балалар аттракционы дейміз, ата-аналар балаларын қалай мына жаққа жібереді, қалай жүрегі шыдайды. Мынаған басы кіріп, мынаған түссе аяқ-қолын сындырады Біздегі мына тренажорлардың түгелі қорқынышты.