Талдықорғандағы ауылдық округ жұрты жол қауіпсіздігін талап етті

Талдықорғандағы ауылдық округ жұрты жол қауіпсіздігін талап етті

Талдықорған қаласындағы Өтенай ауылдық округіне қарасты «Жастар 2» тұрғын үй алабының халқы жергілікті атқарушы билік өкілдерінен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрап отыр.

Өйткені ондағы көшелер жарықтандырылмаған. Бейнебақылау камерасы мен жылдамдық есептегіш құрылғылар да орнатылмапты. Салдарынан Талдықорған-Үштөбе тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы жиі болады екен.

«30 маусым күні Өтенайда болған соңғы жол-көлік апатында 3 адам көз жұмды. Оның екеуі автокөлік ішінде болса, біреуі жол бойында кетіп бара жатқан жаяу жүргінші. Мұндағы халық саны бүгінде мыңға жетіп қалды. Соның 42 проценті мектеп жасындағы балалар. Бұл жағдай қашанға дейін жалғасады? Тиісті органдарға жазған хаттардан ешқандай нәтиже жоқ, дейді наразы тұрғындар.   

Салтанат Ибадуллаева, қала тұрғыны:

- Біздің ең басты мәселеміз жол қауіпсіздігі. Бұл район «Жастар 2» тұрғын үй алабы Үштөбе трассасының бойында орналасқан. Мына жақта бізде скоростемер, видеорегистратор, ешнәрсе болмағандықтан көбіне жылдамдық режимін бұзу болып, ДТП-лар, ірі ДТП-лар болады бізде. Бізге ең бастысы, жол бойында орналасқан біздің районымызға жарық қойып берсе. Жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі үшін тротуарлар салып берсе.

Руслан Малтаев, Өтенай ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- «Жастар 2» тұрғын үй алабы бойынша барлығы 13 көше орналасқан. Ол 13 көшенің барлығына да түнгі жарық шамдары жүргізілген.

– Шешіп тастады дейді ғой екі жүзін.

– Ол ремонтқа алынды қазіргі таңда, осы жетіде қайта қойылады. Енді анау қауіпсіздік мәселесі бойынша транспорт бөліміне және де полиция басқармасына хат жазғанбыз, ГАИ-ден кеше жауап келді, шумовая полоса дейді ғой жүргінші жол алдына қоятын, сондай орнатып береміз деп және де камера орнату мәселесі қарастырылуда деп жауап берілген болатын.