Цой Pfizer вакцинасын елге жеткізу неге кешіктіріліп жатқанын айтты

Цой Pfizer вакцинасын елге жеткізу неге кешіктіріліп жатқанын айтты
Kursiv.kz

ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасының 2 млн дозасы елімізге неге келмегенін айтты.

– Вакцинаның кешіктірілуіне себеп көп, қазір келіссөздер жүріп жатыр. Процесті тездетіп, вакцинаны өз уақытында жеткізуге тырысамыз, – деді Цой брифинг барысында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы аталған вакцинаның кешіктірілуіне себеп болған жауапты тұлғаларға қарсы шара қолдануды тапсырған.