СҚО-да шекарашы екі жасар баланы құтқарып қалды

СҚО-да шекарашы екі жасар баланы құтқарып қалды
ҰҚК

2021 жылғы 18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қаратерек ауылында ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің әскери қызметшісі Айдын Тұрсынғазыұлы жерге көмілген су ыдысына құлаған екі жасар баланы құтқарды.

«Шекара аймағын аралау кезінде баланың дауысын естіп, жылдам көмекке жеткен әскери қызметші сол маңайда болмағанда қайғылы жағдай болар еді. Баланы ес-түссіз күйде тапқан А.Тұрсынғазыұлы жасанды тыныс алу және жүрекке жанама массаж түрінде алғашқы медициналық көмек көрсете бастады, содан кейін бала есін жиды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты», - делінген хабарламада.

Осындай қиын жағдайда шекарашының тез шешім қабылдап, кәсіби дайындығының арқасында алғашқы медициналық көмек көрсетіп баланың өмірін сақтап қалды.

Ақпарат көзі: ҰҚК баспасөз қызметі