Алдағы күндері еліміздің алты облысында қатты ыстық күтіледі

Алдағы күндері еліміздің алты облысында қатты ыстық күтіледі

Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

1 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Көкшетау қ.: күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Қостанай қ.: күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Орал қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 41 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Петропавл қ: күндіз 01 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында күндіз 1-2 тамыз тәулік бойы кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Кей жердерде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.