Таразда полициядан қашып кеткен сотталушы қолға түсті

Таразда полициядан қашып кеткен сотталушы қолға түсті

Оқыс оқиға 5 тамызда орын алып, оның видеосы әлеуметтік желіде таралған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін оның 26 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. 2 жыл 10 айға сотталған азамат түзету мекемісінен қашып кетті. Жедел-іздестіру шараларының барысында Иван Зозуля Тараз қаласының «Қарасу» шағын ауданында ұсталды. Қылмыстық Кодекстің 426-бабы бойынша күзеттен қашқаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы қылмыс үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.