Елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады

Елімізде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады

Елде жылжымалы жұмыспен қамту орталықтары ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, мұндай қызметтер шалғай ауылдық елді мекендерге де қолжетімді болады. Бұл туралы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» президенті Дәулет Арғындықов айтты. Жыл басынан бері электронды еңбек биржасында 68 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Оның 18 мыңға жуығы мемлекет субсидиялайтын жұмысқа орналасты. Электрондық еңбек биржасында қызметтер тізбесі кеңейтілмек. Оның негізінде тұрғындар «Алғашқы жұмыс орны» және «Еңбек» – «Ұрпақтар келісімшарты» мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс орындарына жолдаманы электрондық форматта ала алады. Ал біліктілігі төмен 110 мыңнан аса азамат қоғамдық жұмыстарға тартылды. 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жұмыссыз қалған 30 мыңнан астам адамға төлем тағайындалды.