Балқаштағы күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Балқаштағы күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын

Қарағанды облысының Балқаш қаласына қарасты Қоңырат елді мекеніндегі күн электр станциясының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда 7 бірдей мердігер компания жұмыс істеп жатыр. Аумағы 179 гектарды алып жатқан алқапқа 94 мың күн панелі қойылған. Ерекшелігі, бұл панельдердің екі жағы бірдей күн сәулесін қабылдайды. Мамандар бұл мекеннің климаты баламалы қуат көзін өндіруге өте қолайлы екенін айтады. Станция сағатына 100 мегаватт электр энергиясын өндіре алады. Яғни бұл тұтас бір шаһарды тоқпен қамтуға жеткілікті. Жоба құны – 39 миллиард теңге. Нысан келер жылы пайдалануға берілмек.

Талғат Босалов, энергетик:

– Жоба бойынша металл құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 80 пайызы аяқталды. Және де 3 типті күштік кабельдер салынды. Олардың да 85 пайызы осы уақытта орнатылып тұр. Жұмыс қарқыны жаман емес. Жұмыс күші бар және де қажетті текника да бар.