Шетелдік студенттерге елге келуге рұқсат етілді

Шетелдік студенттерге елге келуге рұқсат етілді

Ол үшін өзге мемлекеттің азаматтары вакцина паспортын көрсетуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Немесе ПТР тестің теріс нәтижесін ұсынуы шарт. Жаңа қаулыны елдің бас санитар дәрігері бекітті. Сондай-ақ елдегі барлық мектеп, оқу орындары «Ашық» жүйесімен жұмыс істейді. Келушілер денсаулығына қатысты мәліметті тексеріп, ғимаратқа кіре алады. Нысан ішінде санитарлық талаптар қатаң қадағаланады.