Қазақстанда атом өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтуде

Қазақстанда атом өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтуде

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев атом өнеркәсібі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекеміз – атом саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Еліміздің атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі ғана емес, сондай-ақ елдегі ең жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін салалардың бірі.

Бұл ретте Сіздердей көрнекті ғалымдардың, конструкторлардың, инженерлер мен білікті жұмысшылардың саланың даму жолындағы еңбектерін атап өткім келеді.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз еліміздің атом саласын дамыту және нығайту ісіне одан әрі де қызмет ететініне сенімдімін. Ғылымның жаңа жетістіктеріне, терең білім мен жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, Сіздер бүкіл ел экономикасына инновациялық серпін бере аласыздар.

Құрметті атом саласының қызметкерлері! Сіздерге өз ісіңізге деген адалдықтарыңыз, тұрақты жетілдіруге ұмтылыстарыңыз және алдағы уақытта да Қазақстанның атом саласын әлемдегі алдыңғы қатарға шығаратын нәтижелерге қол жеткізуге деген ниеттеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Құрметті әріптестер! Сіздерге күш-қуат, жақсы көңіл-күй, сенімділік тілеймін. Көздеген мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін»,– делінген ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевтің құттықтауында.