«Өскемен әуежайы» қайта іске қосылды

Бүгін Өскемен қаласындағы әуежай қайтадан жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нысан мамыр айының басында жөндеу жүргізу үшін жабылған еді. Жаз бойы жолаушылар Семей арқылы қатынады. Енді жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталып, әуежай қызметі қайта жанданды. Ондағы ұшу-қону жолағының көлемі өзгерді. Қазір оның ұзындығы 2800 метр, ал ені 60 метрді құрайды. Бұл ірі лайнерлерді қабылдауға және ұшу бағыттарын көбейтуге мүмкіндік береді. Жалпы бұндай күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 25 жыл бұрын жүргізіліпті.Енді жыл соңына дейін жарықтандыру және бейнебақылау жүйесімен қамту шаруалары атқарылады. Сонымен қатар жүк тасымалын жолға қою үшін ірі қоймалар іске қосылады.

Николай Короленко, «Өскемен әуежайы» АҚ президенті:

- Жыл соңына дейін бақылау-өткізу пункті, апаттық-құтқару бекеті сынды құрылыстарды аяқтаймыз.Сонымен қатар сағатына 30 тоннаға дейін жүк қабылдайтын қойма мен 100 тонналық қуаттағы уақытша сақтау қоймасын саламыз.Бұл болашақта жүк тасымалын дамытуға мүмкіндік береді.