Елордада медицина қызметкерлері дәрігерлер аллеясына 20 көшет отырғызды

Елордада медицина қызметкерлері дәрігерлер аллеясына 20 көшет отырғызды

Шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Алғашқылардың бірі болып бұл экологиялық бастамаға ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары үн қосты. Олар бұл шараға өзге де медицина ұйымдары қатысады деп үміттенеді.

Еске салайық, дәрігерлер аллеясы Алтын жүрек монументінің жанынан ашылған.

Абай Байгенжин, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ Басқармасының төрағасы:

- Алтай Көлгіновпен ақылдасып, ол кісі бізге рұқсатын беріп, осы жерде бірінші сол 20 ағашты орнатқалы отырмыз. Ол шыршалар. Өйткені ол қыста жазда әрқашанда біркелді. Ол ағаштарды орысша «дерево жизни» деп атайды.

Амангелді Керімқұлов, балалар кардиохирургы:

- Болашақта осы ағаштарды әрі қарай күтіп, су құйып, қадағалап отырамыз әрине.