Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесі құрылуы мүмкін

Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесі құрылуы мүмкін

Мәжіліс депутаттары қысқа мерзімде Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуді ұсынды. Онсыз елдегі эпидемиологиялық ахуалды болжап, оған баға беру мүмкін емес.

Айта кетерлігі, соңғы 5-7 жылда бұл салада кадр тапшылығы жоғары екенін байқауға болады. Депутаттардың пікірінше, сала мамандарын дайындайтын жаңа бағдарламалар қажет. Мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы да көңіл көншітпейді. Мәселен, Ұлттық сараптама орталығында қажетті құралдардың 71 проценті ғана бар. Ал зертханадағы жабдықтардың 65 проценті мүлдем тозған. Салдарынан мұнда жүргізілетін зерттеу нәтижесіне толық сенуге болмайтын көрінеді.

Гүлдара Нұрымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Оған медициналық университеттерде 5 жыл бұрын санитарлық-гигиеналық факультеттердің жабылуы ықпал еткен болу керек. Сол кадрлық тапшылыққа үлкен әсер етіп жатыр. Санитарлық қағидалар мен нормалар ескірген. Қазіргі заманға сәйкес келмейді.