Елордада саяси мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар өтуде

Елордада саяси мемлекеттік қызметкерлерге арналған семинар өтуде

Елордада саяси мемлекеттік қызметкерлер үшін «Мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджмент» бағдарламасы бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жобалық басқару бойынша нормативтік база құрылғалы алғаш рет ұйымдастырылған шара үш күнге жалғасады. Оған жобаларды әзірлеуге, іске асыруға, мониторингілеу мен бағалауға тікелей қатысатын Президент әкімшілігі мен премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері, вице-министрлер, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары қатысуда. Оқыту бағдарламасы 10 ұлттық жобаны және мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Альтаир Ахметов, ҚР Президенті әкімшілігінің бөлім меңгерушісі:

– Ұлттық жобаларға арналған арнайы күн белгіленеді. Ертеңнен бастап академияда топтарға бөлініп, мемлекеттік басқаруды дамыту концепциясын іске асыру жағынан жобалар дайындаймыз. Екі күн ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер осындай жобаларды әзірлеп, үйреніп, қазылар алқасына баяндайтын болады.