Елордада білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Елордада білім басқармасының басшысы қызметінен кетті
Иллюстративті фото

Шәкәрім Сейсенбайға осыған дейін айыппұл салынғаны айтылып еді.

Ол бұрын пара алғаны үшін сотталған адамды қаладағы балабақшалардың біріне меңгеруші етіп қойыпты. Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты - оның бұл әрекеті заңға қайшы деп, қомақты айыппұл салды.