Түркістан облысында 81 жастағы жиһанкез велосипедін музейге тарту етті

Түркістан облысында 81 жастағы жиһанкез велосипедін музейге тарту етті
Stan.kz

Жиһанкез бұл велосипедімен Мекке-Мәдинеге дейін барған, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Әлемнің бірнеше елін аралап, саяхат жасаған жиһанкез Кеңесбек Сейдімбек талай сапарда серігі болған велосипедін Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейіне тарту етті. Бұл тарту енді музейдегі құнды жәдігердің бірі болмақ. 65 жылдан бері жолды-жолсыз жерлемен жүріп, қасиетті қағбаға барып, одан бөлек, Ауғанстан, Ресей, Өзбекстан елдерін аралады. 

Кеңесбек Сейдімбек сол велосипедін музейіне тапсырып, пікір кітабына естелік жазып қалдырды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында ұйымдастырылған шара барысында музей ұжымы 81 жастағы атақты саяхатшыға құрмет көрсетті. Енді музейге келушілер жиһанкезден естелік боп қалған жәдігердің де тарихымен танысады.