Қазақстанда адам құқықтарын қорғау шаралары қолға алынады  

Қазақстанда адам құқықтарын қорғау шаралары қолға алынады  

Қазақстан адам құқықтарын қорғау жөнінде бірқатар шараны қолға алмақ. Бұл туралы бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесуде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Оның айтуынша елде жаңа саяси реформалар жүргізіліп жатыр. Ал Парламент Мемлекет басшысының бастамаларын заңнамалық тұрғыда қолдап жатыр. Осы орайда біздің ел Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясымен бірлесіп жұмыс атқаруға дайын. Мәулен Әшімбаевтың мәлімдеуінше, ұйымның тәжірибесі Қазақстан үшін өте маңызды.