Елімізде 30 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды

Елімізде 30 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды

Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының барлық бағыты бойынша 42500 жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 30 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны. Елде 228 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр. Оған NEET санатындағы жастар да қатысуда. Өз ісін бастап, дамытамын деген азаматтарға 1 млрд теңгеден асатын 170 шағын несие берілді. Ауыл шаруашылығы саласы да ұмыт қалмаған. 100 млрд теңгеге агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған 40 инвестициялық жоба әзірленді.